Ресей елшісі Никонов пен Жириновскийге қатысты не айтты?
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік депутаттардың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемелеріне түсініктеме берді.
«Хабар 24» эфирінде елшіден Ресей депутаттарының Қазақстан территориясы туралы мәлімдемелеріне деген көзқарасы туралы сұралды.
«Мен бұл мәлімдемелерді сахналағым келмейді. Бұл орынсыз мәлімдемелер Ресейдің ресми ұстанымына айқын қайшы келетінін атап айтамын. Біздің елдер арасындағы шекара келісіммен бекітілген. Ол бүкіл ұзындығы бойынша бөлінген. Ресей-Қазақстан шакарасы бойынша күн тәртібінде аумақтық шағымдар жоқ. Мұндай мәселелер талқыланбайды», - деді ол.
Оның пікіріне сүйенсек, Ресей «Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын құрметтейді». Ол сондай-ақ әскери ынтымақтастық туралы келісімге мысал келтірді. Оған сәйкес Қазақстан мен Ресей бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін өзара қорғауға міндеттеледі.
«Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара - бөлетін сызық емес, бұл бізді біріктіретін шекара. Менің ойымша, аумақтық тақырыпты қыздырушылар Ресей мен Қазақстан арасындағы достық қатынастарға зиян келтіру мақсатын көздейді. Қазақстандық мемлекеттіліктің қазіргі шекарасында қалыптасуының көпғасырлық тарихына келетін болсақ, бұл біздің ғалымдарымыздың зерттеу тақырыбы, ол біздің достас мемлекеттеріміздің арасындағы сыртқы саяси қақтығыстардың себебі емес», - деп атап өтті ол.
Кеше ғана Бородавкин «Комсомольская правдаға» берген сұхбатында қазақстандықтар орыс тілін нығайтып, балаларға оны тереңдетіп оқыту керек дегенді айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық