Ресей делегациясына БҰҰ-дағы кездесуге виза берілмеді
Сурет ашық дереккөзден
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен оның делегациясының Нью-Йоркке кіруі үшін Ресей АҚШ-тан 56 виза сұрады. Онда қыркүйектің жиырмасы күні БҰҰ жанындағы әлем көшбасшыларының жыл сайынғы кездесуі өтеді.
БҰҰ-дағы Ресей елшісі Василий Небензя БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жазған хатында Вашингтонның соңғы бірнеше айда бірқатар Ресей азаматтарына, соның ішінде БҰҰ-ның басқа делегаттарына «кіру визаларын беруден бірнеше рет бас тартқанын» бұл жағдайдың «алаңдарлық» әрекет екенін мәлімдеді.
1947 жылғы БҰҰ штаб-пәтері туралы келісімге сәйкес, Америка Құрама Штаттары әдетте шетелдік дипломаттардың БҰҰ-ға кіруіне рұқсат беруі керек. Бірақ Вашингтон «қауіпсіздік, лаңкестік және сыртқы саясат» себептерімен виза беруден бас тарта алатынын айтады.
АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы әскери қақтығыстардан кейін нашарлады. Ақпан айында Вашингтон Лавровты «Ресейдің Украинаға арандатушылықпен және заңсыз басып кіруіне тікелей жауапты» деп айыптап, оған қарсы санкциялар салған.
Мәскеу БҰҰ отырысына қатысу үшін 56 виза сұрағаны белгілі. Жиын 20 қыркүйекте басталады. Делегация құрамында дипломаттар ғана емес, Лавровпен бірге жүрген журналистер, сондай-ақ ұшақ экипажы да бар. Дегенмен БҰҰ-ның ресми өкілі Эри Канеко Ресей делегациясына виза беру бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық