Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
Фото: Игорь Улитин, Orda.kz
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның алғашқы министрлік конференциясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Sputnik.kz мәліметінше, Лавров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұйымды құру бастамасы үшін алғыс бідірді. Бұл ұсынысты мемлекет басшысы 2021 жылы Владимир Путинмен кездесуі кезінде көтерген. Лавров
«Ресей Федерациясы атынан Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тағы да шынайы алғысымды білдіргім келеді. Ол 2021 жылдың желтоқсанында орыс тілін ілгерілетуге бағытталған халықаралық ұйым құру бастамасын көтерді», – деді Лавров.
Конференция қатысушыларына жолдаған жеделхатында Ресей президенті Владимир Путин де бұл ұйым Қазақстан президентінің бастамасымен құрылғанын еске салды. Оның айтуынша, ұйымның жұмысы Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қолдауымен басталды.
Путин орыс тілі ортақ мәдени мұра екенін айтып, оны дамытудағы ынтымақтастық өзара құрмет пен тату көршілік қағидаттарына негізделуі тиіс екенін атап өтті. Іс-шараға Қазақстан атынан ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Қабенова қатысты. Ол Қазақстанда орыс тілі білім беру, ғылым және халықаралық ғылыми жобаларда кеңінен қолданылатынын айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық