Ресей бас тартты – Қытай келісті: Қазақстан астығы Қытайға жөнелтіледі
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі
Қытай компаниялары елімізден астық сатып алуды қалпына келтіруге дайын. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен China Grain Reserves Group Ltd басқарма төрағасы Дэн Иу келісті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Айдарбек Сапаров пен Дэн Иу 18 қазанда Астанада өткен кездесуде біздің елден астық жеткізу мәселесін талқылады. Қытайлық кәсіпкерлер делегациясы елордада Қазақстанмен ынтымақтастық әлеуетін бағалады.
«Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы астық және майлы дақылдарды жеткізу және саудалау мәселелері талқыланды», деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2024 жылы қазақстандық диқандар жақсы өнім жинады: олар 26 миллион тоннаға жуық жоғары сапалы астық бастырды және үш миллион тонна майлы дақылдарды жинауды жоспарлап отыр. Қытай нарығы Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырады, сондықтан Қытайға жыл сайынғы астық жеткізу үш-төрт миллион тоннаға дейін өсуі мүмкін.
Дэн Иу Қытайдың қазақстандық астық, сондай-ақ майлы дақылдар мен соя дақылдарына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Сондықтан жеткізуді кеңейту екі жаққа да тиімді және Қазақстан мен Қытай кейбір логистикалық мәселелерді бірлесіп шешеді. Жақында Қытайға алғашқы 100 мың тонна астық пен осыншама майлы дақылдар жөнелтіледі.
Жақында ғана Қазақстаннан бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының импортына шектеу қойған Ресейдің үлесін Қытай ішінара алуы мүмкін. Ресейдің бұл шаралары қазақстандық депутаттар мен кәсіпкерлер арасында өткір сынға ұшырады.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды