Ресей азаматы военкоматқа қолдан жасалған қарудан оқ атқан
Фото: ura.news
Әлеуметтік желіде Ресейдің Иркутск облысында қарулы адамның әскери комиссарға оқ атқан видеосы пайда болды.
Атқан адам сол күні жұмылдырылуы тиіс 25 жастағы жұмыссыз жігіт болуы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта металл іздегіш болмағандықтан, ер адам қолдан жасалған қаруды жайбарақат алып жүрген.
Бұл Ресейдегі ішінара жұмылдыруға алаңдаушылықтың бірінші оқиғасы емес. Волгоград облысында белгісіз біреу көлікпен әскери комиссариат ғимаратына жақындап келіп, молотов коктейльдерін лақтыра бастаған.
Mediazona агенттігінің хабарлауынша, Украинада соғыс қимылдары басталғаннан бері Ресейде барлығы 54 әскерге шақыру пункті мен мемлекеттік кеңселер өртеніп кеткен. Оның 17-сі – жұмылдыру жарияланғаннан кейін.
Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйектен бастап ішінара жұмылдыру туралы хабарлаған болатын. Ол әскери қызметке шақырылғандар бөлімдерге жіберілмес бұрын міндетті түрде қосымша дайындықтан өтетінін мәлімдеді.
Путиннің ішінара жұмылдыру туралы мәлімдемесі Украинаның шығысында, Херсон облысы мен Запорожье облысының бір бөлігінде Ресейге қосылу туралы «референдум» деп аталатын күндердің белгіленгені белгілі болғаннан кейін бір күн өткен соң жасалды. Жергілікті билік оларды 23-27 қыркүйекке белгіледі. Украина мұндай дауыс беру нәтижелерін мойындамайтынын бірнеше рет мәлімдеген.
Ресейде жұмылдыру жарияланған күні 30-дан астам қалада өткен жаппай митингілер басталды. Соңғы мәліметтер бойынша, мыңнан астам адам ұсталған. Ереуілшілер «Соғысқа жол жоқ», «Путин окопта» деп ұрандатты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық