Ресей академиясынан ҰҚҚ-ға дейін көтерілген Руслан Сарқұлов туралы не белгілі?
Фото: Ақжайық
25 қыркүйекте Руслан Сарқұлов Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары болып тағайындалды. «Ақжайық» газеті ҰҚК-нің ресми сайтында жарияланған оның өмірбаянын қарап шыққан. Рұслан Сарқұловтың бұрын РФҚҚ (ФСБ) академиясын бітіргені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сарқұлов 1998 жылы Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметі Академиясын бітіріп, 25 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік саласында жұмыс істеді. 1993-2009 жылдары офицерлік қызметтерде болса, 2009-2024 жылдары жетекші лауазымдарда қызмет атқарды. 2023 жылы оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы беріліп, «Айбын» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталды.
Оның лауазымды қызметтердегі отбасы да жұрттың назарын аударды. Русланның туған бауыры - Ұлан Сарқұлов 2023 жылдың қазан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған. Тағы бір бауыры - Абай 2022 жылы президент Тоқаевтың сынынан кейін Қазақстанның Даму банкі басқармасы төрағасы қызметінен кеткен.
Еске сала кетсек, Руслан Сарқұлов Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Жаңалықтар
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады
- Қазақстандағы қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз
- 12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
- «Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды