Ресей 10 қыркүйекте Көкшетауда жылу электр стансасы құрылысын бастайды
Көкшетауда жылу-электр орталығының (ЖЭО) құрылысы келеcі аптада басталады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Көкшетау энергетикасы» кәсіпорны жұмысшыларымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрдің айтуынша, жобаны қаржыландыруға қатысты барлық мәселелер қазірдің өзінде шешілген.
«Тұтынушылар үшін тарифтерге әсерді азайту үшін жеңілдікті шарттарды қолдану жоспарлануда. Жаңа жылу электр орталығы ескірген қазандықтардың жұмысына және атмосфераға зиянды заттардың шығарылуына байланысты мәселелерді шешетін орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзіне айналады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Құрылыс екі кезеңде өтеді және Сәтқалиевтің айтуынша, еуропалық стандарттарға сай болады.
Тоқаев пен Путин өткен жылы Қазақстан Республикасында үш жылу электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойды. Роман Скляр сол кезде де Қазақстан елдегі барлық жылу электр станцияларының технологиялық жағынан артта қалуына байланысты Ресей тарапынан көмекке жүгінуге мәжбүр болғанын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, барлығы жоспарға сай болса, 2028 жылы үш ЖЭО жұмыс істей бастайтыны айтылған болатын.
Жаңалықтар
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді