Ренжіген күйеуі бұрынғы әйелінің «Шевроле» көлігін өртеп жіберген
Ер адамның айтуынша, әйел оны үйінде түнеп шығуға рұқсат бермеген, соған ашуланып, бұрынғы әйелінің көлігін өртеп жіберген.
Оқиға Ақтөбеде болды, 43 жастағы ер адам бұрынғы әйеліне қонаққа келген, ол есікті ашпаған. Одан бірнеше күн бұрын ол тіпті әйелдің үйінде түнеп шықпақшы болған, әйел кіргізбеген. Ашуға булығып, ренжіген ер адам спорттық күртешесін шешіп, өртеп жіберіп, бұрынғы әйелінің көлігінің астына салып кеткен, деп жазады «Диапазон».
«Ол маған түнеуге рұқсат бермеді, телефонды көтермеді. Мен ашуланып көлікті өртеп жібердім », - деді ер адам сотта өзінің жөнсіз әрекетінің себебін түсіндіру барысында.
Көлікті қалпына келтіруге мамандардың айтуынша, 4 миллион теңгеден астам қаражат қажет. Нәтижесінде бұрынғы күйеуі 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді (ол жазасын бостандықта өтейтін болады, бірақ кейбір шектеулер бар). Сонымен қатар, жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт