Референдум шын мәнінде қалай өтті?

Еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін елеңдеткен АЭС мәселесіне қатысты референдум Қазақстанның барлық аймақтарында өтті. Orda.kz әр өңірдің сайлау учаскелерін аралап, халықтың белсенділігі мен референдумның қалай өткенін бақылады. Халық бұл референдумға белсенді қатысты, әсіресе егде жастағы азаматтар да қалыс қалмады.
Тіпті қариялар да қалмады. Ең атақты қарияның бірі, 84 жастағы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та Астанада дауыс берді.

Жүрісі ширақ Назарбаев тілшілермен сөйлесуден бас тартып:
«Бақытты болыңдар», — деп қысқа қайырды.
Әрине, ел президенті Тоқаев та дауыс берді.

Референдум кезінде қарсы наразылық шаралары болады-ау деген жерлерге тілшілеріміз барып қайтты. Алайда ол жерлерде тек полицей қызметкерлері ғана жүрді.

Референдум кезінде ұсталғандар
Әлеуметтік желілерде дауыс берушілердің, ұйымдастырушылардың ережені бұзып бірнеше қағазды тастап жатқан бейнежазбалары тарады.
Еске сала кетсек, референдумға дейін 12 адам ұсталған болатын. Orda.kz тілшісіне олардың адвокаты Төлеген Берліқожаға хабарласып сұрағанда «олар АЭС құрылысына қарсы екендерін» айтты. 12 адамның 6-уын тергеу соты 2 айға қамады, деген болатын.
«Олар Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1-бөлігі бойынша күдікті, яғни «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» деген айыппен сотталғалы жатыр. Өздері АЭС-ке қарсымыз деп айтқан. Сараптама мен тергеу құпия болған соң, егжей-тегжейлі айта алмаймыз. Сараптама тергеу ісі біткен соң ғана қолымызға түседі», — деді Төлеген Берліқожа.
Ұсталғандардың ең үлкені 60 жаста. Белсенді Ринат Рафхаттың айтуынша егде тартқан жандардың денсаулығы нашар, үнемі дәрі ішіп жүреді.
Ал дәл референдум күні Ермек Нарымбай ұсталды. Астана соты оған 5 күнге әкімшілік жазамен қамау туралы шешім шығарды. Белсенді Ермек Нарымбай бақылаушылардың құқығы бұзылды деп жариялаған болатын. Оған сот 669 бап бойынша, әкімшілік жаза тағайындап, 5 күнге қамады.
Сондай-ақ, Алматыда Гүлданат Бейсебекова атты белсенді де ұсталды. Бұл туралы Абзал Достияр өзінің Facebook парақшасында жариялады. Оған 288 баптың 3 бөлігі бойынша айып тағылды. Бұрын ол АЭС құрылысына қарсымыз деп желілерде бейнежазба түсірген болатын.
Алматыдағы №237-сайлау бөлімшесінде бақылаушы Александра Мусинаны полиция ұстап әкетті. Оны референдум күні Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізген. Бірақ неге ұстағанын айтпаған. Бұған дейін ол учаскеден ресми акті мен нақты негіздеме көрсетілмей, шығарылған. Бұл туралы Жас сайлаушылар лигасы instagram парақшасында жариялады.
Сондай-ақ парақшада оны байқаусызда компьютер кабелін зақымдағаны үшін ұстау жайлы акт қағазын жариялады.

Алматыда өткен дауыс беру қағазы. Дауыс берушілер - 2307, дауыс бергендер -386. Қолдағандар - 118. қарсы - 262.
Алматыда, референдумға жалпы сайлаушылардың 25,39% қатысты.
Сондай-ақ Орал қаласындағы бақылаушы болған Ғаділбек Жұбанғали есімді азамат Facebook парақшасына 349-сайлау учаскесіндегі сайлау парағының көшірмесін жариялады.


Орал қаласындағы осы учаскеге келгендер саны 2995 адам, келіп дауыс бергендер 1043 адам (келу 34,82%, яғни, дауыс берушілер 50% болған жоқ) АЭС салуды қолдағандар — 282 адам, қарсы болғандар — 743 адам. Ал еліміздің бас қаласы — Астанада 50,81% адам дауыс берді. Астанада динозавр киімімен референдумға келген адамның бейнежазбасы тарап кетті.
Сол секілді қызықтар өңірлерде де болды деп хабарлады Orda.kz тілшісі. Мысалы Алакөл ауданы, Үшарал қаласында мультфильм кейіпкерлері фиксиктер киімімен келген жігіт дауыс берді.

Мысалы, Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округіндегі 57 сайлау учаскесіне білім саласының ардагері, дәл референдум күні 64 жасқа толып отырған ұлағатты ұстаз Хусинов Меңдібай Паритұлы дауыс беріп, 100-ші тұрғын ретінде тіркелді.
«Жуырда ғана Үшарал қаласына қоныс аудардым, құжаттарымды реттеп үлгермедім, содан тіркелген мекен-жайым Арқарлы ауылында қалды. Алпыс шақырым жерден референдум үшін арнайы келіп, өзімнің таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін, ұрпағым үшін жасалған таңдау деп білемін. Барлығымыз үшін маңызды саяси науқанда немқұрайдылық таныту азаматтық емес. Сондықтан да жол қашықтығына қарамастан, дауыс беруге келдім», — дейді ардагер ұстаз.

Алакөл ауданы Жайпақ ауылының тұрғыны 101 жастағы кейуана Мәрзия Абдрахманова да өз таңдауын жасады.

«Еліміздегі саяси науқаннан менің де қалыс қалғым келмеді. Сондықтан, референдум комиссиясына өтініш білдіріп, сайлауды көзіммен көріп қатысайын деп шештім. Менің даусымның аз да болса, еліміздің өркендеуіне себі тиер деп ойлаймын. Мен келешек үшін дауыс бердім», – дейді ғасыр жасаған кейуана.
Апамыз 9 баладан 20 немере, 20 шөбере сүйіп отырған бақытты әже екен.
Орталық сайлау комиссиясы деректеріне сүйенсек, жалпы референдумға 7 820 918 қазақстандық дауыс берді.
Сағат 20:00-дегі деректерге қарсақ, сайлауға 63,87 пайыз адам қатысты.
Оның ішінде аймақтар бойынша:
- 1. Абай ауданында 69,57%;
- 2. Ақмола облысында – 71,63%;
- 3. Ақтөбе облысында – 75,11%;
- 4. Алматы облысында – 68,71%;
- 5. Атырау облысында 63,28 %;
- 6. Батыс Қазақстан облысында 67,03%;
- 7. Жамбыл облысында – 61,28%;
- 8. Жетісу облысында 68,01 %;
- 9. Қарағанды облысында – 72,12% 10. Қостанай облысында – 73,45%;
- 11. Қызылорда облысында 82,48 %;
- 12. Маңғыстау облысында 54,03 %;
- 13. Павлодар облысында – 65,09%;
- 14. Солтүстік Қазақстан облысында 66,31 %;
- 15. Түркістан облысында – 75,31%
- 16. Ұлытау облысында 70,69 %;
- 17. Шығыс Қазақстан облысында – 73,79%;
- 18. Астана қаласында 50,81%;
- 19. Алматы қаласында 25,39%;
- 20. Шымкент қаласында 70,57%.
Қазір учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санай бастады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, халықтың 63,66 % дауыс берген, оның ішінде 71,12% станция құрылысын қолдады. Бұл алдын ала жасалған сайлау қорытындысы.
Жаңалықтар
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
- «Назарбаев болғым келеді»: Елбасының әулетіне қосылып табысты кәсіпкерге айналған академик Есполовтың немересі
- Алматыда алып қазақ қызының ақша басы орнатылды: Мүсіннің маңызы және жұмсалған қаражат жайлы
- Жалғызбасты мүгедек анасын асырап жүрген сарбазды әскерге күштеп әкетіп, жындыханаға жатқызды
- Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
- «Емделуге кеткен әкем табытпен оралды»: Қызы президенттік аурухана дәрігерін немқұрайдылық танытты деп айыптайды
- Батыс Қазақстанда киік ату басталды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
- Іс сотқа өтті: Қасақана өлтіріп, Жайыққа тастаған бойжеткеннің мүрдесі табылмады
- «Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты