Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
Фото: gov.kz
Бостандық ауданында орналасқан №233 және №228 сайлау учаскелерінде тіркелген мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беруді үйінде ұйымдастыру қалай қарастырылғанын Orda.kz тілшісі біліп қайтты.
Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №233 сайлау учаскесінде түске қарай Қазақстанның жаңа Конституциясына дауыс беруге келген азаматтардың саны арта бастады. Учаскелік комиссияның мәліметінше, осы уақытқа дейін 225 адам дауыс беріп үлгерген. Бұл учаскеге тұрғылықты мекенжай бойынша барлығы 2498 адам тіркелген.
Сондай-ақ, осы учаскеге тіркелген төрт мүмкіндігі шектеулі азамат түскі сағат 12:00-ге дейін денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс беруге өтініш берген. Комиссия төрағасының айтуынша, өтініш білдіргендер арасында жүріп-тұруы қиын, мүгедектер арбасын пайдаланатын және көру қабілеті нашар азаматтар бар. Олардың үйіне екі комиссия мүшесі және бір бақылаушы барады.
Ал №228 сайлау учаскесінде таңертеңнен бері 175 адам дауыс берген. Бұл учаскеде жалпы саны 2438 сайлаушы тіркелген.
Жалпы, учаскелердің алдында патриоттық әндер қойылып тұр. Азаматтар өздерінің азаматтық борышын орындауға көбіне бала-шағасымен келіп жатыр. Кіреберісте келушілерге арналған тәттілер, тіске басарлар мен жылы шай ұсынылған, алайда олар ақылы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық