Рашит Сәрсеновтің баласы Нұрбанктің жаңа иесі болады
Фото: Курсив
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Эльдар Сәрсеновке Нұрбанктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берді.
Бұл туралы Orda.kz Нұрбанктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
– Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының қаулысымен Эльдар Сәрсеновке «Нұрбанк» АҚ ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру мақұлданды. Бұл мәртебе «JP Finance Group» ЖШС-нің 100 пайыздық үлесі және тиісінше, ұсынылған акциялар санының және банктің дауыс беретін акцияларының 87,87 пайызын жанама түрде сатып алу құқығын береді, - делінген хабарламада.
Эльдар Сәрсенов «JP Finance Group» ЖШС-нің нақты үлесін алған сәттен бастап, «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетуі тиіс екені айтылды.
Эльдар Сәрсенов - белгілі кәсіпкер, 2015 жылдан бері Нұрбанктің иесі болған Рашит Сәрсеновтың баласы.
72 жастағы Рашит Сәрсенов Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің ондығына кіреді. Оның байлығы 810 млн долларға бағаланған.
1987-1988 жылдары Рашит Сәрсенов бөлім бастығы, жоғары және орта арнаулы білім министрінің орынбасары қызметін атқарды. 1988-1992 жылдары Қазақстанның халық ағарту министрінің орынбасары болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық