Рашит Махат: Әбжан істегеніне өкініп, енді қайталанбайды десе кешіремін
Журналист Махамбет Әбжанға арыз жазып, 50 млн теңге бопсалады деп айыптаған отандық кәсіпкер Рашит Махат Orda.kz порталына сұхбат берді.
Рашит Махат – KCell АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі, БАҚ беттерінде Қайрат Сатыбалдының «оң қолы» және онсыз Сатыбалды бірде-бір шешімді қабылдамаған деп сипатталады.
Сұхбат барысында Гүлнар Бажкенова спикермен сұрақ-жауап алмаса отырып журналист Махамбет Әбжанның ісіне қатысты толық ақпаратты алуға тырысты, десе де Рашит Махат көп дүниені ашып айтпағандай болды.
Әңгіменің басы бірден Махамбет Әбжанның ісінен басталды, Рашит Махатқа «Қазақстанда қандай ақпарат үшін 50 млн теңге бопсалауға болады» деген сұрақ қойылды.
– Бұл жерде қарапайым бопсалау болды. БАҚ-қа қолы жетімді адамның менің тарапыма және серіктестеріме қатысты жалған ақпаратты жариялауды тоқтату үшін осынша ақша сұраған, жағдай солай болды, - дейді Рашит Махат.
– Сонда сіздің нұсқаңыз бойынша құны 50 млн теңгеге татитын, жасырып қалатын ақпарат болған жоқ, ақша тек сіз туралы жазбау үшін сұралды ғой? – деп нақтылады сұхбаттасушы.
– Иә, әрине. Өйткені оның жазғандары менің беделіме, компанияға, халықаралық компанияға зиянын тигізді және жазбалардың барлығы көпе-көрінеу ақпарат еді, - деді ол.
- Г. Бажкенов: Махамбет Әбжанмен бейбіт келісім жасауға мүмкіндік бар ма?
- Р. Махат: Сіз оны (Махамбетті – ред.) журналист деп санайсыз ба, әлде блогер ма?
- Г: Блогерлер бопсалаумен айналыса алмайды емес пе?!
- Р: Мен журналистік қызмет фактчекингпен байланысты деп ойлаймын. Ол жазған дүниелер, біржақты жазылған нұсқалар тексерілу керек еді ғой.
Сұхбат соңында кәсіпкерден Махамбет Әбжанның ісін бейбіт түрде шешу туралы сұраққа Рашит Махат нақты жауап бермеді.
– Мен дін жолындағы адам болғандықтан егер адам істеген ісіне өкініп, алдағы уақытта басқа адамдарға да қатысты мұндай жағдай қайталанбайды десе кешірмей тұра алмаймын. Мен мұндай жағдайға тап болған жалғыз адам емеспін. Бұл менің емес, соттың қолындағы дүние.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық