Рамзан Қадыров ұлының апатқа ұшырағанын жоққа шығарып, оған кезекті марапат берді
Фото: Шешенстан басшысының баспасөз қызметі
Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров ұлының ауыр жол-көлік оқиғасында зардап шеккені туралы сыбысты жоққа шығарып, Адам Қадыровқа тағы бір марапат табыс етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қадыров Telegram-арнасында ұлы Адам Қадыров республиканың күштік құрылымдарының командирлерімен кеңес өткізгені туралы хабарлама жариялады.
Оның айтуынша, онда алдағы сайлауды өткізуге дайындық, оны өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экстремизммен күрестің алдын алу және т.б. мәселелер талқыланыпты.
Сондай-ақ, ол Адам Қадыровқа «Атом станциялары қауіпсіздігін арттыруға сіңірген еңбегі үшін» алтын медалі берілгенін хабарлады.
«Ол осы марапатқа «Росэнергоатом Концерні» АҚ бұйрығымен арнайы әскери операция жүргізу кезеңінде Запорожье АЭС-іне күзет ұйымдастыруға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін ие болды» деп жазды Рамзан Қадыров.
Еске салсақ, былтыр Дәурен Абаев Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлының үйлену тойына барғанын растады. 28 маусым күні Грозный маңындағы Ахмат Юрт ауылында Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы Адамның үйлену тойы өтті. Тойға Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Дәурен Абаев қатысқаны туралы ақпарат шыққан еді.
«Мен тек Мәскеудегі елші ғана емеспін, жалпы Ресей Федерациясындағы елшімін. Сол себепті аймақтарға да үнемі барамын. Қазақ пен шешен халықтарының арасында өте тығыз, достық қатынастар бар. Мыңдаған шешеннің Қазақстанға депортацияланғанын біз ұмытқан жоқпыз. Сол сияқты, қазақ халқы қиын жағдайға тап болған шешендерді тастамай, қол ұшын созғанын шешен ұлты да ұмытпады. Мен ең алдымен осы достықтың белгісі ретінде бардым», — деді Абаев.
Бұған дейін бірнеше БАҚ бірден Шешен Республикасы басшысының ұлы Рамзан Қадыровтың кортежі ауыр жол-көлік оқиғасына ұшырағаны туралы хабарлаған болатын. Олар жазған ақпаратта Адам Қадыров ауыр халде ауруханаға жатқызылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық