Рамазан айында вирус жұқтырғандар саны арта түскен
Барша мұсылман халқы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының аяқталуына аз қалды. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы қарсы көрсетілімдер болмаса, ораза ұстауға болатындығын, тіпті екпе алу да шариғатқа қайшы келмейтінін ескертті.
Пандемия тұсында ораза ұстаудың шарттары өзгермегенімен, бірқатар ескертпелер мен шектеулер енгізілгені анық. Алайда бұл шарттар дұрыс сақталмағандықтан жағдай ушыға түскен.
Ораза тұсында қаладағы эпидахуалдың қалай өзгергенін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтып берді.

- Рамазан айы Алматы қаласының тұрғындарының эпид-ахуалына белгілі деңгейде әсер еткені байқалды. Атап айтсақ, соңғы аптада коронавирус ауруына ұшырағандар - ағайын-туыс, жолдас-жора, көршілермен қарым-қатынаста аурудың жұғуы 1 аптада 0,5 пайызға ұлғайды (сәуірдің 12 күндеріндегі аптада 3,0 пайыздан 1-ші мамырдағы аптада 3,5 пайызға дейін өскен).
Рамазан айы сәуірдің 12 күні басталса, содан бері коронавирус ауруының қарқыны төмендемей тұр. Наурыз айына қарағанда сәуір айында коронавирус ауруына шалдыққандардың саны 2 есе өсті – 9525 адамнан 19918 адамға дейін. Қалада мутацияға ұшыраған вирус наурыз айының басында тұрғындар арасында тарай бастап, бүгінгі таңда кеңінен белең алуда: қаңтар айында 3607 ауру анықталса, ақпан айында - 2945, наурыз айында - 9525, сәуір айында - 19918, мамыр айының 4 күнінде 2655 жағдай анықталды. Алматы қаласында бір күнде 650-ден астам адам ауруға шалдығуда. Бұл айда вирустың өрши түсуіне жұғу қабылеті жоғары мутацияға ұшыраған вирус штаммы себеп, болып отыр, - дейді Әсел Қалықова.
- Сонымен бірге, індетті ауыздықтау мақсатында қабылданған арнайы шектеу шараларын тұрғындар тарапынан мойынсынбау, санитарлық талаптарды бұзу, қоғамдық жерлерде бетперде тақпау немесе дұрыс қолданбау сияқты жағдайлары жиі кездеседі. Жиын-тойларды, ас беруді, ауыз-ашар сынды басқа да жиындарды тоқтата тұрмай, вирустың өршіп жатыр. Мұндай жағдайда індетті ауыздықтаудыңбір-ақ жолы бар –ол коронавирусқа қарсы егуді іске асыру. Қала тұрғындарының кем дегенде 70 пайызын егумен қамтығанда бұл індетті ауыздықтай аламыз, - дейді басқарма қызметкері.
Бүгінгі таңда екпемен тұрғындардың 11 пайызы ғана қамтылған екен.
Сабина Зәкіржанқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық