Құралай Нұрқаділова «Қасіретті қаңтарға» қатысты мәлімдеме жасады
Коллаж Orda.kz
Атақты дизайнер Құралай Нұрқаділова әкесі Заманбек Нұрқаділов туралы естеліктерімен бөлісіп, «ол тірі болғанда қасіретті қаңтарда ел басшысыз қалмайтынын» мәлімдеді.
«Әкем болғанда, Қазақстан қалай өзгерер еді деп көп жылдан бері ойланып келемін. Шенеуніктердің халықтың сұрағына қалай жауап беретінін не мүлдем елемейтінін әкемнің әрекеттерімен салыстырамын.
Оқиғаның алғашқы күндері басшысыз қалмайтын едік, оған нық сенімдімін. Ол қажетті сұрақтардың жауабын біледі, жағдайға білікті түрде иелік етіп, кез-келген сұраққа сауатты жауап беретін еді. Ешқандай «ммм, аааа, солай, өйткені» деген сөздерсіз. Ең бастысы, ол өзінің ауылдан шыққанын ұмытқан емес. Көкірегін керген емес, адасқан жастарға айтар сөз табатын. Тіпті, агрессивті қаны қызу жастарға да айтар сөз табатын еді.
Екеуміздің соңғы жеке әңгімемізден үзінді: «Менің арым таза, өйткені халық үшін өмір сүрдім. Сен мұны мақтан тұта аласың, уақыт өте келе артығымен бағалайсың» деп жазды Заманбек Нұрқаділовтың қызы өз парақшасында.
Дизайнердің оқырмандары бірден оны қолдап, Заманбек Нұрқаділов туралы ойларымен бөлісті.
Еске салсақ, Заманбек Нұрқаділов - Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер. Кеңес Одағы кезіндегі Алматы қалалық атқару комитетінің соңғы төрағасы. Бұдан кейін Нұрқаділов Алматы қаласының әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Алматы облысының әкімі, Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы болған.
2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде басы мен денесіне тиген оқтан көз жұмды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық