Райымқұлова ауыр атлетикадағы жанжалға қатысты пікір білдірді
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ауыр атлетикадағы жанжалға қатысты пікір білдірді.
Еске салсақ, Альберт Линдердің өлімінен кейін ауыр атлетика федерациясының бас бапкері Бақыт Ахметов қызметінен босатылып, орнына жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен Дәурен Бекмұханбетов сайланған. Бірақ араға біраз уақыт салып, су жаңа бапкердің жұмысына әлі де кірісе алмай жүргені белгілі болды.
Министр оны былай деп түсіндірді:
«Талдықорғанда өткен рспубликалық чемпионаттан кейін бүкіл облыстардың бас бапкерлерімен отырыс болды. Солармен ақылдаса отырып, Дәурен Бекмахамбетов деген азаматты бас бапкер болуға лайықты деп есептедік. Жалпы заң бойынша, регламент бойынша біздің бұл ұсынымызды Федерация өз атынан Ұлттық Олимпиадалық комитетпен бірге министрліктің спорт комитетінде ұсыныс ретінде беруі керек» деді Райымқұлова.
Ол бұл мәселе жыл соңына дейін шешімін табатынына сендірді.
«Сонымен қатар, осы сұрақ біз жыл аяғында Ауыр атлетика федерациясында өтетін конференцияда да қарастырылады деп отырмыз. Бұл мәселе жыл соңына дейін шешіледі деп ойлаймын. Жалпы бәрі заң бойынша, рет-ретімен келе жатыр» деді министр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық