ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Дмитрий Малахов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Мемлекет басшысы Дмитрий Малаховты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Өкімімен:
2022 жылғы 7 наурызда Малахов Дмитрий Михайлович Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
1974 жылы 23 тамызда Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін (1995), Т. Рысқұлов атындағы Экономика және қаржы университетін бітірген (2005).
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде қызмет еткен.
Ол Ішкі істер министрлігінің тергеушісінен Қаржы полициясының облыстық және орталық аппараты мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басқармалары бастығының орынбасарына дейін өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келгенге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Жедел департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық