ҚР Президенті: Мемлекет мұқтаж адамдарға көмектесуі керек
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы хабарлады.
«Біздің бағдарламада 4 негізгі басымдық бар. Біріншісі - әр азаматқа өз мүмкіндіктерін іске асыруға тең мүмкіндіктер беру. Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарықтық тәсілдерді басшылыққа аламыз. Қаражаттар мен жеңілдіктерді негізсіз, орынсыз бөлуді тоқтату керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан»партиясының ХХ съезінде.
Президенттің айтуынша, мемлекет мұқтаж адамдарға атаулы көмек көрсетуі керек.
«Ең бастысы - әлеуметтік әділеттілік. Сондықтан біз мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға үлкен көңіл бөлеміз. Әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы 5 жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеуге 3 триллионнан астам теңге бөлінеді. Толық зейнетақының мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Сонымен бірге біз мұны инфляция деңгейіне 2% қосу арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз», - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХ съезі елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық