ҚР Премьер-министрі ЕАЭО екпе төлқұжаттарын өзара тануға шақырды
Фото: litеr.kz
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері аумағы бойынша вакциналанған туристердің қозғалысын жеңілдету, сондай-ақ екпе төлқұжаттарын өзара мойындау туралы айтты.
Бұл туралы Orda.kz РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады.
Бүгін, 20 тамыз Асқар Мамин Шолпан-Атада (Қырғызстан) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында сөйледі. Ол одақ елдері дағдарыстың ең өткір кезеңін сәтті жеңіп шыққанын айтты. ЕАЭО-ға мүше елдерге COVID-19 ең көп әсер ететін экономика секторларын, атап айтқанда туризмді дамыту бойынша жұмысты қайта бастау керектігін алға тартты.
Ол бұл бағыттағы негізгі міндеттердің бірі - екпе төлқұжаттарын өзара мойындау, карантин режимі жеңілдетілген бірлескен туристік аймақтарды қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамыту екенін атап өтті.
– Туризм саласындағы белсенділікті қалпына келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдамау өнеркәсіптің ұзақ мерзімді өсу әлеуетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Оның ішінде адамдық және физикалық капиталдың, сондай-ақ инвестициялардың жоғалуына байланысты, - деді Мамин.
Еске салсақ, ЕАЭО елдерінің үкіметаралық кеңесі мүше елдердің премьер-министрлерінің қатысуымен бейсенбі және жұма күндері Шолпан-Атада (Қырғызстан) өтті. Іс-шара нәтижесінде көлік, тарифтік реттеу, Одақ аясындағы сауда кедергілерін алып тастау, цифрлық трансформация және басқалары бойынша құжаттар топтамасы қабылданды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық