ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевты қызметінен босатты.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Тимур Тұрарұлы Дәндібаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды» делінген Ақордада жарияланған хабарламада.
Тимур Дәндібаев 1969 жылы 2 маусым дүниеге келген.
Еңбек өтілі:
- Түркістан әскери округінің 12881 әскери бөлімінде қызмет (1990-1993);
- Алматы гарнизонының әскери автомобиль инспекциясында қызмет (1994-1997);
- Алматы облыстық гарнизоны Әскери полиция жасағында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған (1997-2002);
- Алматы облыстық гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің бастығы (2002-2007);
- ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы Бас басқармасы бастығының орынбасары (2007-2011);
- ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы Бас басқармасының бастығы (2011-2017 жж.);
- ҚР Қорғаныс министрлігі Бас басқармасының бастығы (2017-2019);
- ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары (05.2019 жылдан бастап)
Тимур Дәндібаевтың орнына ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып Камалетдинов Сұлтан тағайындалды.
Жарлық президенттің ресми сайтында жарияланды.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол ҚР тұңғыш президенті – елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылды» делінген хабарламада.
Сұлтан Камалетдинов 12 ақпан 1965 жылы дүниеге келген.
Еңбек өтілі:
- Штаб бастығы – танк батальоны командирінің орынбасары, танк батальоны, танк полкінің командирі, штаб бастығы – механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары, ГСВГ танктік дивизиясының гвардиялық танк полкінің механикаландырылған бригадасының командирі (1986 - 2005);
- «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасы штабы бастығының орынбасары (2006-2008);
- «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары (01.2008-08.2008);
- Өңірлік қолбасшылық қолбасшысының бірінші орынбасары – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының штаб бастығы (2010-2012);
- Өңірлік қолбасшылық қолбасшысының бірінші орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының штаб бастығы (2012-2013);
- «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2013-15.11.2016);
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары (2016-10.2019);
- Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (10.2019 ж.)
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық