ҚР ІІМ қызметтері автоматтандырылды
«Ішкі істер министрлігі бүгінгі таңда көші-қон, жол қозғалысы, қару мен есірткі айналымына қарсы күрес, архивке қатысты мемлекеттік қызметтің 44 түрін көрсетеді. Жеке басты куәландыратын құжатты рәсімдеп, жүргізуші куәлігін береді, автокөлік құралын тіркейді. Одан бөлек министрлік қаруды рәсімдеу, есірткі заттары мен психотропты заттардың лицензиясы секілді тағы бірқатар құжатқа жауапты. Ішкі істер министрлігінен жылына 7-8 миллион адам керекті құжатын алады. Автоматтандырудың, цифрландырудің арқасында ХҚО арқылы азаматтар бұл қызметтерді ішкі істер органдарына жүгінбей-ақ алады», - деді Сабыржан Сейтжанов «ІІМ көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.
Мысалыға, осы жылдың басынан бері халыққа көрсетілетін 7 миллион қызметтің 6,5 миллионы ХҚО арқылы алынған. Оның ішінде ең көп сұранысқа ие қызмет түрлеріне тұрғылықты жерге тіркелу (1 млн 569 мың), төлқұжат пен жеке куәлік тапсыру (1 млн 900 мың), тұрғылықты жердегі тіркеуден шығару (458 мың), жүргізуші куәлігін тапсыру (828 мың) жатады.
«Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызметті көрсету процедураларын қысқартып, әкімшілік кедергілерді төмендетіп, қызметкерлердің бұл іске араласуы мен пара алу ықтималдығын азайтып жатыр. Жыл басынан бері 9 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Оның 8-і қару айналымына, 1-і қаруды қылмыстық сипатта зерттеу саласына қатысты. Бүгін де автоматтандыру деңгейі 88,6 пайызды құрайды. Яғни барлық 44 қызметтің 39-ы автоматтандырылған», - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық