Қызылорда облысында кене шаққан екі адам қайтыс болды
Жаңақорған ауданынан 77 жастағы ер адам мен Шиелі ауданының 51 жастағы тұрғыны кене шағып, ауруханаға жеткізілді. Артынша олар жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24.
Жыл басынан бері облыстың медициналық мекемелеріне кене шағуына байланысты 600-ден астам адам шағымданған. Олардың 23-і Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы күдігімен ауруханаға жатқызылды. 8 жағдайда диагноз расталды. Қауіпті жәндіктердің мекендейтін табиғат орындарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.
«Әрбір жағдайды тіркеген кезде 12 сағат ішінде жеке аумақтарды, мал қораларды және жануарларды дезинфекциялау жүргізіледі. Барлық байланыста болған адамдар 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Жалпы, үш ай – мамыр, маусым және шілде – кенелердің қауіпті түрлерінің белсенді уақыты. Сондықтан облыс тұрғындарын абай болуға және кене шаққан жағдайда дереу дәрігерге хабарласуға шақырамыз», - дейді Қызылорда облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық