Қызылорда облысында білім саласындағы миллиондаған қаржы жымқыру фактісі анықталды
Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен есепшісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Олар білім беру ұйымдарының қызметкері емес тұлғалардың карточкалық шоттарына жалақы түрінде ақша аудару арқылы 543 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Қызылорданың мамандандырылған тергеу соты санкциясымен күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесінде таратылуға жатпайды.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбір адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәсі сот үкімімен анықталғанға дейін кінәсіз деп танылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық