Қызылорда облысында 25 мектеп оқушысы уланып қалды
Зардап шеккендердің барлығы улануды мектеп асханасындағы таңғы аспен байланыстырады. Тексеру басталды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 21 оқушының ауруханаға жатқызылғанын, қалған балалар амбулаторлық жағдайда дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлады.
Оқиға 29 наурыз күні Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Кәукей ауылында болған. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы осы аудандағы № 225 орта мектептің 1-5 сынып оқушылары.
«Балалар таңғы асын 09:35-те ішті, бір сағаттан кейін ішінің ауырсынуына алғашқы шағымдармен үш бала мектеп дәрігеріне жүгінді. Одан кейін тағы 22 бастауыш сынып оқушысының ауырғаны белгілі болды. Оның 21-і дереу аудандық көпсалалы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, қалғандарына амбулаторлық ем тағайындалды. Олардың барлығына тамақтан улану диагнозы қойылды», - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Пациенттерді қабылдау кезінде денсаулық жағдайы орташа деп бағаланды, жалпы интоксикация белгілері және асқазан-ішек жолдарының бұзылуы анықталды.
«2023 жылғы 30 наурызда алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, емдеу шараларының нәтижесінде жағдайы жақсарған балалар ата-аналардың өтініші бойынша стационардан шығарылды және амбулаториялық негізде медициналық бақылауды жалғастырады. Қазалы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен және «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының Қызылорда облысы бойынша аудандық филиалымен бірлесіп жұмыс тобы құрылып, ауру ошағында санитарлық-эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Ауданға санитарлық тазалық жұмыстарына арнайы Қызылорда облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекционист дәрігері мен мамандары жеткізілді.
«Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу барысында бактериологиялық зерттеуге 120 сынама, патогенді микрофлораға асхана қызметкерлерінен бір су, жеті тағам сынамасы, мұрын және тамақ жағындылары алынды. Бактериологиялық зерттеуге алынған сынамалардың жаңартылған соңғы нәтижелері бүгін күтілуде. Қазалы ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларымен мектеп асханасының аспазшысы мен аспазшының көмекшісі, сондай-ақ білім мекемесінің медицина қызметкері медициналық тексеруден өтпеуіне байланысты уақытша жұмыстан шеттетілді», - деп қосты департамент.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық