Қырғызстанның шекаралас ауылдарындағы қақтығыстарда 100-ден астам адам жарақат алды
Сурет: egemen
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 17 қыркүйегінде таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша, Баткен облысындағы қарулы қақтығыс құрбандарының саны 103 адамға жетті.
Бұл ретте зардап шеккен бес адам амбулаторлық емделуге жіберілді, қалғандарына медициналық ұйымдарда көмек көрсетіледі.
24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бішкекте зардап шеккендерге қан тапсырғысы келетіндер кезекке тұрған.
Бұған дейін 16 қыркүйек күні таңертең Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс басталғаны хабарланған болатын. Лейлек және Баткен өңірлеріндегі елді мекендер оқтың астында қалды.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс салдарынан Баткен және Лейлек аудандарындағы жеті ауылдың, сондай-ақ Ош облысының Шоң-Алай ауданындағы Жекенді ауылының тұрғындары үйлерін тастап кеткен.
Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бірақ, соңғы мәліметтер бойынша, келісімдер бұзылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық