Қырғызстанның екі депутатын Қазақстанға кіргізбей қойды
Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қызметі Қырғызстан парламентінің екі депутатын Қазақстанға кіргізбеді.
24.kg жазғандай, екі депутат - Эмиль Жамғырчиев пен Шыңғыс Айдарбеков қырғыз-қазақ шекарасынан өте алмады. Олар Қазақстанға жеке істерімен – Қордайдағы жерлеуге бармақ болған. Алайда оларды «Ақ-Жол-автожол» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткізуге рұқсат бермеген.
Кейбір мәліметтер бойынша, ол жерге арнайы қызмет өкілдері келіп, екеуін де Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне алып кеткен.
Депутаттардың қандай факті бойынша ұсталғаны белгісіз. Бірақ кейін олардың бірі босатылды. Бұл туралы депутаттардың әріптесі хабарлады.
«Ақ-Жол өткізу бекетінде Эмиль Жамғырчиев белгіленгені, яғни шығуға тыйым салынғаны анықталды. Оны ҰҚК қамауға алды. Біз жиналдық, ол босатылды» деп жазды депутат Эльвира Сурабалдиева.
Екінші депутатпен журналистер хабарласа алмады. Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсы дауыс бергендердің қатарында екі депутаттың да бар екені көрсетілген. Су қоймасы мәселесі әлі түпкілікті шешілген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық