Қырғызстан не үшін өз жерінде ҰҚШҰ жаттығуларын өткізбеді? – ресми жауап

cover

Қырғызстан өз аймағында ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуден бас тартты. Министрлер Кабинетінің өкілі Эдиль Байсалов Қырғызстанның ҰҚШҰ-ға мүше болуында ешқандай мәселе жоқ екенін, бірақ жаттығу өткізбеуге Тәжікстанмен қақтығыстың салдары әсер ететінін айтты.

– Ұйымға қатысты мандат, миссия, жарғыға байланысты мәселе жоқ. Бірақ, әрине, соңғы оқиғалардың әсері басылған жоқ, – деп түсіндірді ол.

Байсалов ҰҚШҰ-ға мүше елдердің кез келгенін жаттығудан шектеуге болмайтынын, сондықтан жаттығу өткізбеу туралы шешім қабылдағандарын атап өтті.

Айта кетейік, Мызғымас бауырластық - 2022 командалық-штабтық жаттығуларын өткізу қазан айына жоспарланған болатын. Қырғыз Республикасы ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар