Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс
Сурет: BBC
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс төрт күн бұрын басталып, сенбі күні ушыға түсті.
• Тараптар атысты тоқтату туралы жариялады.
• Қырғыз тарапы 24 адамның қаза тапқанын, 124-інің жараланғанын, тағы 136 азаматтың шекаралық аймақтардан эвакуацияланғанын хабарлады.
• Тәжікстан жеті адам қаза болып, 14 адам жараланғанын мәлімдеді.
• Баткен облысында (Қырғызстан) төтенше жағдай жарияланды.
• «Қырғызстан өз жерінің бір шаршы метрінен де бас тартпайды және ұлттық мүддені табанды түрде қорғайды» деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров.
• Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон әлі шекарадағы жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.
• Қырғызстан да, Тәжікстан да кіретін ҰҚШҰ қақтығысты «келіссөз үстелінде» шешуге шақырды. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығы әзірге әскери жағдайды реттеуге ешқандай қадам жасаған жоқ.
Соңғы жиырма жылда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жүзге жуық қақтығыс болды. Құрбан болғандар саны артып, тараптардың қарым-қатынасы шиеленісіп барады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық