Қырғыз жерінің бір шаршы метрін де ешкімге бермейміз – Жапаров

cover

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығысқа қатысты түсініктеме берді.

– Біз ата-бабаларымыздан мұраға қалған жердің бір шаршы метрін де ешкімге бермейміз! Біз ұлттық мүдделерімізді қорғау жолында нық тұрамыз, – деді Жапаров.

Қазір Қырғыз Республикасының Баткен облысында төтенше жағдай режимі жарияланғаны белгілі. Өңірден 130 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Бүгін таңертең Тәжікстан ҰҚК Шекара қызметі шекарадағы салыстырмалы тұрақтылықты жариялады. Сондай-ақ, қырғыз тарапынан атысты тоқтату туралы келісімнің талаптары бұзылғанын хабарлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар