Қырғыз-тәжік шекарасында 200 шақырым даулы аумақ бар
Қырғызстан жақын арада Тәжікстанмен шекарадағы даулы жерлер мәселесін шешуді көздеп отыр.
Бұл туралы Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров мәлімдеді.
— Біз қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы 200 шақырым даулы аумақтарды шешу үшін бар күш-жігерімізді, әлеуетімізді саламыз. Қандай жолмен жүрсе де, біз халықтың бейбіт өмірін қамтамасыз ету үшін шекараларды делимитациялау және демаркациялау мәселесін шешетін боламыз, - деді Жапаров.
Оның айтуынша, қазір мемлекеттің басты міндеті - қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде бүлінген үйлерді қалпына келтіру. Әсіресе, Баткен және Лейлек өңірлеріндегі үйлерді күн суытпай қалпына келтіру жоспарлануда.
— Арнайы есепшотқа азаматтардан 307 млн сом түсті. Тиынына дейін осы қаржы ресурстарының барлығы Баткен облысының тұрғындарына бағытталады. Бұл мәселе менің ерекше бақылауымда, - деді Жапаров.
Қыркүйектің 16-сы күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекара әскерлері арасында ауқымды қақтығыс болып, салдарынан екі жақтан 100-ге жуық адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық