Қылмыстық шырғалаң шешіле ме?
Кешеден бері әлеуметтік желілерде қылмыстық істер мен ықпалды адамдардың ұсталғаны туралы әлі расталмаған хабарламалар легі таратылып жатыр.
Алдымен, сенбі күні Назарбаевтың ықпалындаа болған Бауыржан Байбекке Алматы қаласының әкімі қызметіне байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады.
Бүгін олар Қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновтың «тыңшылық және мемлекеттік құпияны жариялады» деген күдікпен ұсталғаны туралы жаза бастады. (Мұндай тергеу жүргізіліп жатқаны туралы бейресми түрде сәуір айында, Шайхутдинов жұмыстан босатылғаннан кейін көп ұзамай хабарланған болатын).
Бір-екі сағаттан кейін телеграм арналарында Қарағанды облысындағы ықпалды тұлға, Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматуллиннің ағасы Ерлан Нығматуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат тарай бастады. Ағайындылардың екеуіне де қатысты алаяқтық, салық және кедендік төлемнен жалтару күдіктері бойынша тергеу жүргізілуде. Алайда Нұрлан Нығматуллин 7 қыркүйекте әуежайда түсірілген суретке қарағанда, сол күні желіні шулатқан Асқар Мамин және Әділбек Жақсыбеков үшеуінің кездесуінен кейін бірден БАӘ-не ұшып кеткен.
Бұл хабарлардың барлығы бейресми ақпараттың анонимді көзіне не әлде бір органға сілтемесіз берілген.
Аталған жағдай бойынша ресми растаулар мен түсініктемелер жоқ. Бір күн бұрын Бауыржан Байбекке қатысты сауалымызға құқық қорғау органдарының түгелге жуығы ондай іс бізде жоқ деп жауап берді. Сонымен, егер бұндай іс бар болса, онда ведомствоаралық тергеу-жедел тобында болуы ықтимал.
Ал, біз өз кезегімізде осы оқиғалардың жай-жапсарын қадағалайтын боламыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық