Құран өртеу оқиғасынан кейін Швецияның НАТО-ға кіруіне жол жабылды
tsn.ua
Швеция Сыртқы істер министрі Биллстрем әлі де жазда Түркиямен мәселе шешіліп, елдің НАТО-ға мүше болуына рұқсат етіледі деп үміттенеді.
Швецияда елдің НАТО-ға кіру процесі үзілді. Бұл даниялық саясаткер Расмус Палуданның ұйымдастырып отырған Құранды өртеу әрекеттеріне байланысты. Елдің Сыртқы істер министрлігінің басшысы Тобиас Билстрем Expressen газетіне берген сұхбатында бұл процестің әзірге тоқтатылғанын, бірақ әлі де үміт бар екенін айтты.
— Соңғы бірнеше аптадағы оқиғалар әсерінен процес уақытша тоқтатылды, - деді ол.
Министр жазда альянс елдерінің сыртқы істер министрлері Вильнюстегі саммитке жиналған кезде Түркиямен келісімге келуге болады деп үміттенеді.
Айта кетейік, даниялық радикал саясаткер Расмус Палудан бұған дейін Құранды өртеп, бірнеше акция жасаған. Соңғы рет жұма күні ол Копенгагендегі мешіттің сыртында Құранды өртеп жіберген.
Кейін оның осындай акцияны Даниядағы Ресей елшілігінің консулдық бөлімінде өткізгені белгілі болды. Бұған дейін 21 қаңтарда «Hard Deal» жетекшісі Швеция билігінен рұқсат алып, Стокгольмдегі Түркия елшілігінде мұсылмандардың қасиетті кітабын өртеп жіберген.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осыдан кейін Швецияның НАТО-ға кіру өтінішін Анкара қолдамайтынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық