Құран өртеу оқиғасынан кейін мұсылман жетекшілері шұғыл жиналды
Биылғы Құрбан айттың бірінші күні Швецияда болған Құран өртеуден кейін «Ислам мемлекеті» ұйымы оқиғаны талқылау үшін шұғыл жиналды.
Ислам ынтымақтастығы ұйымы жексенбі күні Швецияда Құранды өртеу салдарын талқылау үшін ашық түрде төтенше жиналыс өткізуде. Arabnews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесу ИЫҰ-ның Жиддадағы штаб-пәтерінде өтеді. Жиын Ислам Саммитінің қазіргі сессиясындағы төрағасы Сауд Арабиясының және ИЫҰ Атқару комитетінің шақыруымен өтіп жатыр.
«Кездесуде Құран Кәрімді қорлауға қарсы біртұтас ұстанымды білдіру мақсатында осы сұмдық әрекеттерге қарсы шараларды талқылау жоспарланған» делінген хабарламада.
Мұсылман және араб әлемінде сәрсенбі күні Стокгольмдегі ең үлкен мешіттің алдында Құранды қорлап, оның парақтарын жыртып, өртеген Ирактан келген 37 жастағы босқын Салван Момиктің әрекеті халықты қатты ашуландырып, айыптағаны атап өтілді.
ИЫҰ мүдделі елдер үкіметтерінен оқиғаның қайталануының алдын алу үшін тиімді шаралар қабылдауға шақырып, бұл «жағымсыз шабуылдың» қайталануын және Құранның және басқа да исламдық құндылықтардың, рәміздер мен қасиетті орындардың қасиетін қорлау әрекеттерін айыптады.
Еске салайық, мереке күні Құранды өртеуге Швеция полициясы рұқсат берген. Желіде ер адамның Құранның бірнеше бетін жұлып алып, өртеп жібергені туралы видео пайда болды. Осы кезде сол маңда кезекшілік атқарған полиция қызметкерлері Момикке тас лақтырған тағы бір адамды ұстады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық