Құқық қорғау органдарының 150-ге жуық зейнеткері заңды талап қойды
Қаңтардың 21-і күні Алматыда еліміздің барлық өңірлерінен құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері жиналып, базалық зейнетақы төлемдерін қайтаруды, зейнетақысын алуға мүмкіндік беруді, сондай-ақ сапалы медициналық көмек көрсетуді талап етті.
Еске салайық, экс-қызметкерлер Алматыдағы Республика алаңындағы митингке шыққысы келген. Бірақ қала әкімшілігі рұқсат бермеді. Нәтижесінде, Orda.kz тілшісінің хабарлауынша, зейнеткерлер қорғаныс, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдерімен кездесуге «Алатау» дәстүрлі өнер театрына шақырылды.

— Біз мемлекет қамтамасыз етеді деп ойладық. Ұзақ жылдар бойы еліміздің игілігі үшін қызмет еттік. Барлық заң талаптарын орындадық, жарғы бойынша жүрдік. Ұзақ жылдар бойы өз мемлекетін қорғап келген азаматтар енді өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін мемлекетке өтініш айтуына тура келіп отыр. Бұндай бассыздыққа жол берілмейді деп сенеміз. Біз мемлекетке алақан жайып отырған жоқпыз, адал еңбекпен тапқан ақшамызды сұраймыз, - деді жиында 32 жыл еңбек өтілі бар зейнеткер Әлия Оспанова.
Жиналғандардың негізгі талаптары: базалық зейнетақы төлемін қайтару және қалған зейнетақы жинақтарын жеке зейнетақы шоттарынан ешқандай қосымша шарттарсыз алуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, зейнеткерлер шенеуніктерге Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне қалыпты медициналық көмек пен ауруханалардың жоқтығын айтты. Сондай-ақ олар зейнетақы төлемдері мәселесімен айналысатын жұмыс тобына қосылуын талап етуде.
— Базалық зейнетақыны не үшін сұрайсыз? Өйткені зейнетақы мөлшері сізді қанағаттандырмайды. Мен әріптестеріме күш құрылымдарының зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін базалық зейнетақымен емес, индекстеу, қайта есептеу немесе басқа да тәсілдермен шешуді ұсынамын. Ол жерде әртүрлі топтар бар және үйлесімсіздік бар, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.
Кездесу әлі жалғасуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық