Құлыбаевтардың табысы 1 млрд долларға өсті
Тимур мен Динара Құлыбаевтардың табысы 1 миллиард долларға өсті.
Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жыл сайынғы тізімін жариялады. Рейтингте алты қазақстандық және ел тұрғындары бар.
Тізімдегі 591-ші қатарда 62 жастағы Владимир Ким тұр. Оның байлығы 4,3 млрд долларға бағаланады. Өткен жылмен салыстырғанда, «Қазақмыс» корпорациясы акцияларының басым бөлігі мен «KAZ Minerals» акционерлік қоғамының үлесіне иелік ететін Кимнің кірісі азайып, 2022 жылы 5 млрд доллар болды.
Forbes журналының мәліметінше, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың капиталы миллиард долларға өсті. Өткен жылы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының табысы 3,8 млрд доллар болса, басылымның мәліметінше, ол биыл 4,3 млрд-қа жеткен. Олар рейтингтің 636-шы жолын бөліседі.
Кaspi Bank иелерінің бірі Вячеслав Кимнің капиталы бір жылда екі есеге жуық өсті. Өткен жылы оның байлығы 2 млрд долларды құраса, биыл 3,6 млрд-қа жеткен. Ким рейтингте 1513-тен 787-ге көтерілді.
Ресей азаматы және Қазақстан тұрғыны, Freedom Holding брокерлік компаниясының басшысы Тимур Турлов 1292-ден 949-орынға көтерілді. Оның байлығы өткен жылы 2,4 млрд доллар болса, биыл 3,1 млрд долларға бағаланған.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ісін басқарған 65 жастағы Болат Өтемұратов рейтингте 1096-дан 1104-ке төмендеді. Forbes оның байлығының 2,8 миллиардтан 2,7 миллиард долларға дейін төмендегенін нақтылтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық