ҚТЖ теміржолшылардың еңбекақы жүйесін қайта қарады
«Қазақстан темір жолы» қызметкерлерінің жалақысы бұдан былай аудандық коэффициентке байланысты төленеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі жалақы жүйесіндегі өзгерістерге қатысты былай деп түсіндірді:
«Бұрынғы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еңбекақы төлеу жүйесі тарихи қалыптасқан учаскелік коэффициенттерге негізделді, олар тіпті бір аймақтың ішінде өзгеріп отырды (бір аймақта 4 коэффициентке дейін). Осыған байланысты сол аймақтағы жақын орналасқан бөлімшелердің қызметкерлері бір жұмысы үшін әртүрлі мөлшерде жалақы алатын.
Жаңа жүйені әзірлеу 2021 жылы басталды. Үстіміздегі жылдың 15 қазанынан бастап сол өңірдегі теміржолшылардың еңбекақысы бірыңғай аймақтық коэффициент арқылы есептеледі.
Өзгерістер төменгі аудандық коэффициенттерде жалақы алған 68 мыңнан астам қызметкерге қатысты болады.
Толық ақпаратты теміржолшылар жұмыс орны бойынша жалақы бойынша мамандардан және компанияның ресми сайтынан ала алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық