Қостанай облысындағы өрт толығымен сөндірілді
©gov.kz
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ірі орман өрті 10 қыркүйек күні сағат 10.00-де сөндіріліді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік өрттің хронологиясын айтты. Өрт 2 қыркүйек күні сағат 15.10-да Әулиекөл ауданына қарасты Басаман және Семиозерный орман шаруашылығы бөлімдерінің аумақтарында басталған.
Өрт басталғаннан бергі жалынға шарпылған аумақ 43 мың гектарға жетті. Өрт екі елді мекендегі 91 үйді зақымдады. Эвакуацияланғандар үйлеріне оралды, қалғандары туыстарында қалды. Өрт басталғаннан бері құтқарушылар 2091 адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Өрт кезінде 12 адам дене жарақатын алған, күйік шалған, жеңіл және орташа дәрежедегі уланған. Зардап шеккен 3 адам Әулиекөл аудандық ауруханасында жатыр. Аманқарағай ауылындағы үйінділерді талдау кезінде 1935 жылы туған азаматтың мәйіті табылды.
Жедел штаб жұмыс істей бастағалы Төтенше жағдайлар министрлігінің сенім телефонына 38 қоңырау түскен. 87 азаматқа психологиялық көмек көрсетілді, 45 балаға топтық психологиялық жұмыстар жүргізілді.
Әуе кемелерімен өрт сөндіруге барлығы 327 су төгу жұмыстары жүргізілді. Өртті сөндіруге қатысқан күштер мен құралдардың жалпы топтамасы 207 бірлік техника мен 1785 адамнан тұрды. Басаман және Семиозерный орман орналастыру бөлімшелерінің орман шаруашылығы кәсіпорындарының 73 адамнан және 21 техникадан тұратын күштері мен құралдары орнында қалды.
Жедел штаб өз жұмысын аяқтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық