Қостанай облысында көліктер өртеніп, екі адам қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, олар өртеніп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстың ПД баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 10.30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ бағытындағы жолдың 275-ші шақырымында жолаушылар көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалды.
Салдарынан ол қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен, сол жерде «Газель» көлігі соқтығысып, екі көлік өртеніп кеткен.
«Жолаушылар көлігінің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, «Газель» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға орнына Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусин барды. Жол қозғалысы ережелері бұзылған» делінген хабарламада.
Тергеу әрекеттері жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қостанай облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысы ережелерін және әсіресе жылдамдықты шектеуді сақтау керектігін ескертеді. Абайлаңыз, қырағы болыңыз, халықтың өмірі осыған байланысты!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық