Қосшыда 120 млн теңгенің жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Прокуратура Астана іргесіндегі Қосшы қаласында жер телімдерін коммерциялық мақсатқа беру кезінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.
Мәселен, Қосшы ауылдық округі әкімінің өкімімен 2016 жылдың тамыз айында жауапкершілігі шектеулі серіктестікке ауданы 3,2778 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілді.
Осы бұйрық негізінде ЖШС мен «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ арасында жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану шарты жасалған.
«Жалдау шарттары бірнеше рет ұзартылды. Алайда 2016 жылдан бері кәсіпорын жер телімін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға бағытталған бірде-бір шара қолданбаған. Ал құжаттарға сәйкес, ЖШС тұрғын үй кешенін салуға ниетті болған», - деп хабарлады ведомстводан.
Кадастрлық құны 65 млн теңгені құрайтын бұл жер телімі Қосшының орталығында орналасқан және инвестициялық тартымдылығы жоғары. 2021 жылы ЖШС басқа заңды тұлғаға 120 млн теңгеге жалға беру құқығын сатқанынан ғана мұндай қорытынды жасауға болады, деп қосты ҚМА.
Алайда, қадағалау органы жер учаскесінің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының нормаларын бұза отырып, атап айтқанда сауда-саттықсыз (конкурстар, аукциондар) сатылғанын анықтады.
Прокуратураның ұсынысы бойынша Ақмола облысының жерге орналастыру басқармасына жалға беру шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.
Бұл шешім 16 ақпанда күшіне енді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық