Қошанов нашар дайындалған министрлерге шүйлікті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов премьер-министр Әлихан Смайыловқа қарамағындағы министрлердің дайындықсыздығы туралы хабарлауды сұрады.
Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов жалпы отырысқа дайындықсыз келген министрлік өкілдерін сынға алды. Ол премьер-министрден қарамағындағылардың дайындығы нашар екенін білуді талап етті.
– Мен кейбір министрлік өкілдеріне ескерту айтайын деп едім. Дайындалып келу керек. Мына отырыста қолдарыңызға жазып берген қол астындағы адамдардың анықтамасын оқудың еш қажеті жоқ. Осылардың барлығы жұмыс тобында, комитет отырысында талқыланды. Оны бес саусақтай біліп тұруларыңыз керек-қой? Мен үкімет өкіліне де осы ескертпені айтамын. Премьер-министрге жеткізіңіз! Егер министрлік өкілі дайын емес болса, онда басқа адамдар келсін. Келістік пе?, – деп ашуланды Ерлан Қошанов.
Депутаттар алдында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сөз сөйлеп, мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырды. Талқылау барысында депутаттардың сауалдарына сауда және интеграция вице-министрі Жанел Күшікова, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов жауап берді.
Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық