Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы 20 000 доллар пара алған

cover

Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

– Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, күдікті ұсталды. Ол Астана қаласы тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар