Қолында граната мен тапаншасы бар қарағандылық Астанада ұсталды
Сурет: polisia.kz
Астана қалалық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Түнде Абылайхан мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында «Лада Приора» көлігі тоқтатылды. Көліктегі 22 жастағы жолаушыны жеке тінту кезінде оның күртесінің оң қалтасынан OСA травматикалық тапаншасы, сол жағынан РГД-5 гранатасы табылды. Полиция дереу гранатаны жарылғыш заттарды сақтауға арналған ыдысқа салды.
«Аталмыш факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының тұрғыны ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тексеру жүргізілуде» деп хабарлайды polisia.kz.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық