ҚМГ бұрынғы басшысы Алик Айдарбаевтың қайда екені анықталды
«ҚазМұнайГаздың» экс-төрағасы Алик Айдарбаев Ұлыбританияда жүр.
Алик Айдарбаев 3 ақпанда Ұлыбританиядағы Әзірбайжан елшілігі ұйымдастырған шараға қатысты. Ол Ұлыбритания парламентінің төменгі палатасында «AZERBAZALT» ғылыми-өндірістік бірлестігі мен AZCHEMCO компаниясының тұсаукесеріне арналды.
Іс-шарада Әзірбайжандағы компаниялардың инновациялық жобалары, сондай-ақ жобаны дамыту географиясын Батысқа қарай кеңейту жоспарлары ұсынылды. Тұсаукесер рәсіміне «ҚазМұнайГаздың» экс-төрағасы Алик Айдарбаев та қатысты.
Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» басшысы қызметінен кету туралы өтінішін 2022 жылдың сәуірінде берген. Оның жұмыстан кетуіне денсаулық жағдайы себеп болған.
Ол «ҚазМұнайГазды» 2018 жылдың қарашасынан бері басқарып келді. Бұған дейін «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, Маңғыстау облысының әкімі қызметтерін атқарған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық