ҚМА журналист Козачковтың мемлекеттік құпияны жариялады деген айыбын алып тастады
Козачковтың шынайы өкінуіне байланысты мемлекеттік құпияны жариялау бабы бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды.
Қаржы мониторингі агенттігі журналист Михаил Козачковтың неліктен кейбір айыпты баптардан босатылғаны тралы мәлімдеді. Сонымен қатар оның жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзғаны және жалған ақпарат таратқаны туралы істі Алматы гарнизоны әскери сотында қаралғаны хабарланды.
Козачковпен бірге Қазбек Қазықанов қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазықанов Козачковқа жеке деректерді жинағанын және таратқанынын мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге отырған.
«Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған мезгілде Қазықанов әскери қызметші болған, сондықтан оған және Козачковқа қатысты қылмыстық істі Алматы гарнизоны әскери соты қарады» деп хабарлады агенттік.
ҚР ҚМ Козачковтың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында журналистің ұйымдасқан топ құрамында рейдерлік тәркілеуге қатысуы расталмағаны туралы қорғаушының сөзін де растады. Осы бап бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.
«Мемлекеттік құпияларды жария етті деген күдік бойынша Козачков өз кінәсін мойындап, келтірілген материалдық шығынды толығымен өтеп берді. Осыған байланысты Козачковты Қылмыстық кодекстің 185-бабы бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды (65-бап). Күдіктінің өтінішхаты негізінде онымен прокурордың арасында 147-баптың 2.5-бөліктерінде және 274-баптың бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудағы кінәсін мойындауы туралы келісім іс жасалды» деп хабарлады ҚМА.
2023 жылдың 24 наурызында сот Козачков пен Қазықановты үш жыл алты айға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық