ҚХА Петропавлда түсірілген видеоны арандатушылық деп атады
Қазақстан халықтары ассамблеясы бұл оқиғаны құқық қорғау органдары тексеріп, кінәлілер жазалануы керек деді.
Қазақстан халықтары ассамблеясы «Петропавл қаласының халықтық кеңесі» деп аталатын ұйым атынан бір топ адамның арандатушылық мәлімдемесі айыптады, деп хабарлайды Orda.kz ҚХА-ға сілтеме жасап.
«Біз Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтынын және ішкі және халықаралық заңнамамен кепілдік берілгенін мәлімдейміз. Біз бұл әрекеттерді конституциялық негіздерге, мемлекетіміздегі қауіпсіздікке, бірлік пен тұрақтылыққа қарсы бағытталған және ел мүддесіне жасалған опасыздық деп бағалаймыз» деп түсіндірді ҚХА.
Сондай-ақ Ассамблея мұндай арандатушылықтардың аса жауапсыздық екенін және құзырлы органдардың қатаң түрде бұның жолын кесу керектігін атап өтті.
«Кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен жазалануы тиіс. Біз азаматтарды мұндай әрекеттерге бой алдырмай, халқымызға тән даналықты, төзімділікті, сенім мен өзара сыйластықты сақтауға шақырамыз. Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз, қай жерде болсақ та, бәріміз сүйікті Отанымызды танытамыз, ал әлемдік қоғамдастық бізді біртұтас әрі қуатты халық ретінде таниды» делінген ҚХА жолдауында.
Еске салайық, желіде белгісіз біреулердің Қазақстаннан тәуелсіздігін жариялаған видеосы тараған болатын.
«Біз Қазақстан Республикасы корпорациясының жалған заңдық негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының өмір сүруіне қолайсыз жағдайлардың туындауына байланысты еркін халық; ерлер мен әйелдер, жұмыс істейтін тұрғындармыз. Халыққа, сондай-ақ оның басшыларының дәрменсіздігі мен абыройсыздығына байланысты біз өзіміздің мүлкіміз бен ресурстарымызды басқару үшін жүйе қызметкерлеріне сеніп бере алмаймыз. Біз, халық, тәуелсіздігімізді, автономиямызды және егемендігімізді жариялаймыз», - деді әйел таратылған видеода.
Оқиғаға Мәжіліс депутаттары араласып, видео кейіпкерлерін жазалауды сұрап ҰҚК мен Бас прокуратураға арыз жазды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық