«ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны авиакеросинді жоғары бағамен сатқан
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС жанар-жағармайды тең емес шарттармен сату арқылы заң бұзды деген қорытындыға келді.
Ведомствоның хабарлауынша, азаматтардың өтініші негізінде 2020-2021 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша авиаЖЖМ көтерме сауда нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жасалған.
Тексеру барысында компания 2021 жылы авиакеросиннің 57 пайызын «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-на жоғары бағамен сатқаны белгілі болды.
Тиісті тауар нарығында басым жағдайға ие «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес ұйымының әрекеті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талабын бұзды. «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің әрекеті авиакомпаниялар шығындарының өсуіне әсер етіп, соның салдарынан әуе билеттерінің қымбаттауына алып келеді.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті бәсекелестік заңнамасын бұзу фактісі бойынша «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-не нарық субъектілерімен балама келісімдерге әртүрлі бағаларды қолдану бойынша іс-әрекеттерді тоқтатуды талап етіп, хабарлама таратты.
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС департаменттің заңды талаптарын орындады және қазіргі уақытта авиакеросинді контрагенттерге сату кезінде Серіктестік баға белгілеуге бірыңғай сараланған тәсілді қолданады.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт