Қажылыққа апарамын деп адамдарды алдаған турфирма басшысы ұсталды
Умраға апарамын деп 100-ден астам адамды сан соқтырған «Кәусар тревел» компаниясының басшысы ұсталды, деп хабарлады КТК.
Медет Мұратбайұлы қасиетті мекенге баруға ниет қылғандардың әрқайсысынан кемі мың доллардан алған.
Алайда қаңтар айында кетуге тиіс азаматтар сол күйі Мекке мен Мединаны көре алған жоқ. Ал Алматыдан жолға шыққан 57 адамды турфирма Медина қаласындағы жатақханаға тастап із суытыпты. Сондықтан қажылар жатын орын мен тамаққа қосымша қаржы шығындап, қайтар жолдың билетін де өз ақшаларына сатып алған. Қазір «Кәусар тревелден» жолдама алғандар жаппай полицияға арызданып жатыр.
Сондықтан жәбірленушілер санын нақты айта алмаймыз дейді полицейлер. Сайрам ауданының тұрғыны Жарқын Бекмырзаевқа умраның сертификатын келіншегі тосынсый ретінде туған күніне сыйлаған. Талай жылғы арманы болған киелі сапарға ерлі-зайыртылар 17 қаңтарда ұшуы керек еді. Алайда түрлі сылтау айтқан «Кәусар тревел» турфирмасы бас-аяғы 57 адамды үш күн кешіктіріп, Медина қаласына жеткізіпті. Бірақ қонақ үйге бара сала, турфирма өкілдері орын дайындаймыз деп, сол күйі ізім-ғайым жоғалған.
- Сол жерде күтіп отырғанда қонақ үйдің иесі шықты да, бұл жерде сіздерге орын брондалмаған, бұл жерде қазір бос орын жоқ деп айтқаннан кейін, қайтадан автобус шақырып, бізді қаланың шет жағындағы жатақханаға апарып жайғастырды. Таңертең жетіде экскурсия болады, дайындалыңыздар деді де «Кәусар тревел» өкілі кетіп қалды. Содан біз азанда тұрдық. Тұрсақ, «Кәусар тревел» өкілдері де, автобус та жоқ, тамағы да дайын емес, ақшасы да төленбеген, – деді Сайрам ауданының тұрғыны Жарқын Бекмырзаев.
Бейтаныс қалада тіл білмейтін 57 адамның жағдайын сол жақта жүрген қазақтар естіп, өзге турфирма өкілдері көмекке келген. Олар Мединадан екі-үш күнге қонақүй жалдап, ары қарай Меккеге сапарын ұйымдастырып берген. Тіпті қасиетті Қағба маңынан бес күнге жатын орын алып берген. Ал елге оралатын уақыт таяғанда турфирма басшысы Медет Мұратбайұлы қайтар билет дайындап жатырмын деп, тағы да хабар-ошарсыз кеткен.
– Бастан аяқ есептесек, біз келіншегіміз екеуімізге миллионнан аса шығын кетті. Ол тіпті демеушілердің ақшасын есептемегенде, өз басымыздан миллионнан аса шығынға кеттік қой. Демеушілердің арқасында көп жеңілдетілді. Қонақ үйлер, тамақ. Демеушілер болмаса, қонақ үйдің бір күнінің өзі 180 доллар екен, – дейді Жарқын Бекмырзаев.
Кіші қажылығын әупірімдеп жүріп өтеген азамат Меккеде «Кәусар тревел» алдап кетті деген 70 шақты адамды кезіктірдім дейді. Бұл аздай, Алматы мен Шымкенттен қасиетті сапарға аттана алмай отырғандар да көп. Олар тіпті полицияға да арыз жазған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары «Кәусар тревел» басшысына іздеу салып, Медет Мұратбайұлы Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды.
– Мекке мен Медина қалаларына жолдама алып, 50-ге жуық адамды алдаған туристік агенттіктің басшысы ұсталды. Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды, – деп хабарлады Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы ПБ тергеу бөлімінің бастығы Ерлан Ирбаев.
Турфирмаға алданғандардың нақты санын полицейлердің өзі айта алмай отыр. Себебі, бұған дейін ұша алмағандары бар, мерзімінен қалып ақшасын қайтара алмай жүргендерден өзге, алдағы ақпан айына ақша беріп қойған азаматтар да бар. Сондықтан қасиетті сапарға шығамыз деп сан соққандар саны күн санап өсіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық