«Қазфосфатта» жалақы көтеру мәселесі шешілді
«Қазфосфаттың» бас директоры Ғани Тоқсанбаев «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің белсенді топ мүшелерімен кездесіп, он күн бұрын қойылған сауалдарға жауап берді.
Бұған дейін «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені жұмысшылары 9 талап қойып, талаптарды тыңдауға «Қазфосфат» ЖШС Бас директордың әлеуметтік даму және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Ерсін Сариев келген болатын. Жиынға белсенді топ мүшелері мен мекеме басшыларының барлығы қатысты.
Бұл жиынға тілшілер қатыса алмады. Кездесу екі сағатқа созылды. Жиын аяқталғаннан кейін «Қазфосфат» ЖШС Бас директордың әлеуметтік даму және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Ерсін Сариевпен сұхбаттастық.
Ерсін Берікұлы, жұмысшылардың 9 талабы орындалды ма?
Өзіміздің ішкі жиналыс болғаннан кейін жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы кәдімгі күнделікті жиналыс болды. Сұрақтарына жауап бердік. Ал дәл қазір шешілмейтін сұрақтарды келістік. Келісім комиссиясын қазір жасаймыз. Әр цехтан екі адамнан сол келісім комиссиясына мүше болып кіреді. Қалған сұрақтарды сол комиссия арқылы уақытылы шешіп тұрамыз.
Жұмысшылардың басты талабы - жалақы. Бұл мәселе қалай шешіледі?
Басынан бастасақ, жалақы көтеру мәселесі біздің басшылықтың қатаң бақылауында. 2021 жылы жалақыны 25%-ға көтердік. 2022 жылы жалақы 20%-ға көтерілді. Ал осы 2023 жылы 80 мыңға көтереміз, қаңтар айында 50 мыңға көтердік. Бірінші шілдеден бастап тағы 30 мың қосамыз деп жылдың басында айттық. Бірінші шілдедегі қосылады деген 30 мыңды 1 маусымнан бастап қосамыз деп шештік. Ал енді индексикация мәселесін жылдың аяғында елде болып жатқан инфляцияны қарап, тағы да үстінен ақша қосу мәселесі жылдың аяғына қарай шешіледі деген келісімге келдік. Оған жұмысшылар келісті.
Жоспар орындалмағаны үшін жұмысшылардың жалақысы қысқара бере ме?
Жұмысшылармен келісіп, жоспар орындалмаған жағдайда біз ешқандай шара қолданбаймыз деп келістік. Жұмыс берушінің кінәсінен болса ондай шаралар қолданылмайды. Егер жоспар жұмыс берушінің тарапынан орындалмаған болса, онда ешқандай жоспар орындамау деген нәрсе болмайды.
Әлеуметтік желіден Жаңатастағы «Үш батыр» көппәтерлі үйді жұмысшыларға беру туралы айттыңыздар. Қашан орындалады?
Мәселе оң шешімін тапты. Біз бұны әкімдіктен 140 миллион теңгеге сатып алып жатырмыз. Әкімшілікпен келістік. 140 миллион теңге Сарысу ауданына, Жаңатас қаласына жұмсалсын деген уәде бойынша.

Жаңатас қаласынан кейін Қаратау қаласына табан тіреп, «Қазфосфат» ЖШС басшылығы айтқан күрделі жөндеу өткен көппәтерлі тұрғын үй мен балалар алаңшасын көріп қайттым.

72 пәтерлі тұрғын үйді қаратаулықтар «Бастилия» деп атайды. Тұрғын үй мекеменің көп балалы отбасылары, ардагерлері мен мүгедектеріне тегін үлестіріліп берілді.

Автор: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- Инвестиция көлемі 9,5 триллион теңге: Тоқаев премьер-министрдің есебін тыңдады
- Қазақстанда сұраныс күрт артты: Зейнетақы аннуитеті деген не?
- Он жылдық қорлық: Астанада туған жиенін зорлады деп айыпталған ер адам жауапқа тартылмай қалды
- Елімізде білім грантына өтініш қабылдау басталды
- Qatar Airways инсульт алған қазақстандық әйелді ауруханасы жоқ аралда қалдырды
- Рекордтық деңгей: Еліміздің банктері коллекторларға 1,1 трлн теңге қарыз тапсырды
- «BaiQymyz-2026»: Қымыздың көкесін кімнен аламыз?
- ӘЧ-2026: Тарихта алғаш рет әлемнің ТОП-4 құрамасы жартылай финалда
- Еуропадағы аптап ыстық 10 мыңнан астам адамның өмірін жалмады
- Air Astana Дубайға ұшатын барлық рейсін тоқтатты
- Күйген папирус алғаш рет толық оқылды: Антикалық кітапхана құпиясы ашылуда
- Ираннан келген итбалықтар Ақтауда қырылып жатыр ма?
- Үш күннен бері Астана қоқыс полигонындағы ірі өртті сөндіру мүмкін болмай отыр
- Астана маңында көлік карьерге батып, екі бала қаза тапты
- Бес жылдан кейін оралған Конор Макгрегордың жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
- ӘЧ-2026: FIFA финал өткен алаңды бөлшектеп, сатылымға шығарды
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Астана–Дубай рейсі кері қайтты
- Петропавлда есірткі тасымалдаушы полициядан қашамын деп дүкенді талқандады
- Иран Ормуз бұғазына шығатын жолды қайта бұғаттады
- Дархан Сатыбалды: Биыл 11 мыңнан астам мұқтаж азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарады