Қазфосфатта қаза тапқан екі жұмысшының өлімі бойынша сот үкімі шықты
Бүгін Сарысу аудандық соты үкімімен Ғалымжан Құдайберген мен Самат Бекмаханбетов ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Заңда көзделгендей еңбектi қорғау, қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидалары бұзылған. Осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам тиісті міндетін дұрыс атқармаған. Абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіру мен абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет бойынша олар кінәлі деп танылды.
Прокурор айыпталушының әрқайсысына 3 жыл 6 алты ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Сот Құдайбергенді 3 жыл 6 алты ай шартты түрде, Бекмаханбетовты 3 жылға шартты түрде бас бостағындығынан айырды. Сатқанбаев кінәсіз деп танылып, оған ақтау үкімі шығарылды.
«Қазфосфат» ЖШС-нен азаматтық талапкерлерге 5 000 000 теңге шығын өндіріп алу туралы үкім шықты.
Құдайберген «Қазфосфат» ЖШС Тау кен байыту комбинатында электр слесары болып жұмыс істеген, ал Бекмаханбетов пен Сатқанбаев механик қызметін атқарған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық