Қазақстанның СІМ мен ІІМ-не қосымша құзірет беріледі
ҚР Сыртқы істер министрлігіне қосымша өкілеттіктер, ал Ішкі Істер министрлігіне Ұлттық ұланның қызметін реттейтін қосымша құзырет беріледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес өзгерістер «Ашық құқықтық актілер» порталында орналастырылды.
Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігіне беру жоспарланған қосымша өкілеттіктер:
• Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу тәртібін анықтау;
• Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны жоспарлау, сатып алу, тіркеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау тәртібін әзірлеу және бекіту;
• Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны пайдалануға құқығы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
• инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу және бекіту.
Құжат ағымдағы жылдың 7 сәуіріне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі
«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сәйкес, Ішкі істер министрлігіне келесі функцияларды беру жоспарлануда:
• Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарына алғаш рет түсетін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі мен шарттарын бекіту туралы;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдары тізбесін бекіту туралы;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдары мен оларға арналған тіркемелерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен оларға арналған тіркемелерді міндетті техникалық байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Құжат биылғы жылдың 7 сәуіріне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық